Сессия отырысы салтанатты жағдайда басталды. Алдымен төраға жиналғандарды мәслихаттың 25 жылдық және Тәуелсіздік мерекесімен құттықтады. Одан кейін мәжіліс залына мемлекеттік ту кіргізілді.Ту тұғырына жайғасқаннан кейін сессия отырысы басталды. Кезекті жиында бас-аяғы 18 мәселе қаралды. Алдыңғы үшеуі облыс бюджетіне байланысты болды. Бұған дейінгі тұрақты комиссия отырыстарында талқыланған ол мәселер сессияда бірауыздан қолдау тапты. Сөйтіп облыстың келер жылғы бюджеті 595,6 млрд теңге болып беткітілді. Енді келер жылға жоспарланған бюджеттің басым бөлігі әлеуметтік саланы әлдендіру жұмсалады. Атап айтқанда 2020 жылы өңірде 234 әлеуметтік маңызы бар ғимарат құрылысы жүргізіледі. Оның 46 білім беру нысаны болса 45-і ауыз су 27-ы халықты көгілдір отынмен қамту нысандары болады.
Сонымен қатар, 21 млрд теңге ауыл шаруашылығы саласын қолдауға бағытталып, Түркістанның дамуына 25 млрд жұмсалмақ. Сондай-ақ, сессияда облыстық мәслихаттың 25 жылда атқарған жұмыстарына да талдау жасалды. Ол бойынша мәслихат хатшысы арнайы баяндамада жасады. Онда келтірілген мәлметтерге мән берсек 25 жылда облыстан 1933 азамат депутат мәртебесін иеленіп, 4 мыңнан астам сессия ұйымдастырылған. Ал, осы уақыт ішінде облыстық мәслихатта 6 хатшы ауысыпты.Облыс бюджеті нақтыланып, мәслихаттың өткені сараланған сессия отырысында бір қатар азаматтарға мемлекеттік марапаттар мен мәслихаттың 25 жылдық мерекелік медалдары табысталды. Сондай-ақ, жиын соңында келесі сессия отырысына төраға болып Мұрат Мейірманов сайланды.
AQ-QARA-KZ» - ақпарат»