Елбасының «Болашаққа бағдар Рухани жаңғыру» және «Ұлы даланың жеті қыры» бағдарламалық мақаласы аясында БАҚ өкілдерінің сұрақтарына жауап берді. Аудан әкімі орынбасарының есебінде өнеркәсіп, құрылыс, білім беру мен кәсіпкерлік, инвестиция мен ауыл шаруашылығы саласының жеткен жетістігі сөз болды. Өткен жылмен салыстырып, алға ілгерілеушілік барын бағамдады. Жылдық жоспардың үдесінен шығу жолында атқалып жатқан істің көңіл қуантатынын баса айтты. Инфрақұрылым мәселесі де шешімін тауып келеді.
Бұл өңірдің атқарған жұмыстары жұрттың көңілінен шықты. Ауданның дамуына бір қатар өзгерістер енгізілген. Жастардың бойына рухани байлықты сіңдіріп, ұлттық тәрбиені дәріптеуге арналған ауқымды жобалар әңгіме өзегіне айналды. Ұлттық бұйымдар мен түрлі қол өнер туындылары көпшілік назарына ұсынылды. Мектеп оқушыларының дайындаған көрмесіне ұласты.Жиын соңында жалпы өңірдің әлеуметтік-экономикалық жағдайы тұрақты түрде даму жолында екендігін алға тартқан аудан әкімінің орынбасары бірігіп, белсенді жұмыс істеуге шақырды.
AQ-QARA-KZ» - ақпарат»