Отырар ауданындағы Ескі шілік ауылының құрылғанына 200 жыл толып отыр. 1969 жылдың қысында болған су тасқынынан кейін бұл ауылдың 80 пайызын топан су басты. Содан ауыл 10 шақырым жерге қоныс теуіп картада Жаңа шілік ауылы пайда болды. Сол табиғат апатын ерлермен бірге қайыспай еңсерген батыр аналардың құрметіне Ескі шілік пен Жаңа шілік ауылдарының ортасында «Ел-ана» монументі салынды.Бұл монумент Отанға құрмет. Шаңырақтың ұйытқысы болған аналарға тағзым ретінде қабылданды. Ескерткішті жергілікті кәсіпкер өз қаржысына салған.Тарихты білмей болашақты бағамдай алмайсың. Отырарлықтар мұнымен шектеліп қалмады. Ауыл тарихын түгендеп, өткеннен сыр шертетін «Құтты мекен-Шілік» кітабын басып шығарды. Онда ауылдың 200 жылдық тарихы мен елдің еңсе тіктеуіне атсалысқан азаматтардың есімі жазылды.
Отырардағы шілік ауылының тамыры терең, тарихы қызық. Бұл ауылда Иманжүсіп Құтпанұлы, Қажымұқан,Тұрғанбай датқа, Меңлібай қажы секілді мұқым қазаққа мәлім тарихи тұлғалар өмір сүрген. Ал, жаңарған жаңғырған Жаңа шіліктің бүгінгі жағдайы жақсы. Мұнда Мектеп, балабақша, орталық стадион, Мұхтар Шахановтың шығармашылық үйі бой тіктеген. Орталық саябақтары тағы бар. Таяу арада ауылға газ тартылады.Қуатты өңір-қуатты Қазақстан. Үкімет қабылдаған осы бағдарламаның шапағаты шалғайда жатқан Шілік ауылына да тиеді. Көркейсе ауыл, көркейеді –еліміз.
AQ-QARA-KZ» - ақпарат»