Вторник, 10 Декабрь 2019 20:52

Түркістан: ҚР Мәслихатының 25 жылдығына орай мерекелік марапаттар табысталды

Бүгін алтыншы шақырылымдағы Түркістан облыстық мәслихатының кезекті қырық төртінші сессиясы өткенін бұған дейін айтқан болатынбыз. Сессияда сөз алған облыс әкімі Өмірзақ Шөкеев көпшілікті алда келе жатқан еліміздегі ең ұлық мереке – Тәуелсіздік күнімен және ҚР Мәслихаттарының 25 жылдығымен құттықтады.

Жиында облыс әкімі Өмірзақ Шөкеев ҚР Мәслихаттарының 25 жылдық мерекелік медалімен марапатталып, жаңадан жарық көрген «Түркістан облыстық мәслихаты: тарих белестері және жарқын жеңістер»  кітабына ие болды. Сондай-ақ, Өмірзақ Естайұлы облыстық, аудан, қалалық мәслихат депутаттары мен қоғамдық ұйым төрағаларын және мекеме басшыларын өңірдің дамуына және облыстың саяси белсенділігін арттыруға қосқан үлесі үшін ҚР Мәслихаттарының 25 жылдық мерекелік медалімен марапаттады. Арнайы алғыс хат пен ҚР Мәслихаттарының 25 жылдығына орай жарық көрген кітапты табыс етті.

Серікбай Ибадуллаев төрағалық еткен сессияның күн тәртібінде 20-ға жуық  мәселе қаралды. Отырыста 2019-2022 жылдарға арналған облыстық бюджет пен жалпы сипаттағы трансферттер көлемі нақтыланды. Сондай-ақ, ауызсумен қамтамасыз ету мен әлеуметтік маңызы бар қатынастар тізбесін айқындалып, Дағдарысқа қарсы  штаб құрамы бекітілді. Түркістан облысының халықты жұмыспен қамту мәселесі талқыланып, «Рухани жаңғыру» бағдарламасын іске асыру жөніндегі сараптамалық кеңестің құрамы бекітілгенін айта кетейік.

AQ-QARA-KZ» - ақпарат»

Read 761 times