«Әлеуметтік салаға бюджеттің үштен бір бөлігі бағытталып отыр. Оның ішінде білім беру, ауыз су, газдандыру, ауыл шаруашылығы, кәсіпкерлікті дамыту, Түркістанды дамыту және өзге де мәселелерге қаржылар бөлінеді. Келесі жылы инфрақұрылым бойынша облыстың оңтүстік бағытына ерекше көңіл бөлеміз. Мақтаарал, Жетісай бағытанда көптеген жұмыстар атқарылады. Сондай-ақ, қазір Түркістан қаласының көшелері жөнделіп, гүлзарлар, аллеялар жасалуда. Осы жұмыстар әрмен қарай жалғасын табады», – деді облыс әкімі.
Алтыншы шақырылымдағы Түркістан облыстық мәслихатының кезекті қырық төртінші сессиясы Түркістан қаласында жаңадан салынған облыс әкімдігі мен облыстық мәслихат аппараты орналасқан ғимаратта өтті. Онда Өмірзақ Шөкеев көпшілікті еліміздегі ең ұлық мереке Тәуелсіздік күнімен және ҚР Мәслихаттарының 25 жылдығымен құттықтады. С.Ибадуллаев төрағалық еткен сессияның күн тәртібінде 18 мәселе қаралды.
AQ-QARA-KZ» - ақпарат»