Еркін форматтағы шараға кәсіби мамандар, танымал спикерлер – Гарвард университетінің түлегі, «Мазмұндама» қорының төрағасы Шыңғыс Мұқан, AtamekenTV интернет-маркетинг бөлімінің басшысы Жанасыл Болатбек, «Азаматтық бастамаларды қолдау орталығы» басқарма төрағасының орынбасары Жанар Төлегенова, ҚР Президенті жанындағы Ұлттық Қоғамдық Сенім Кеңесінің мүшесі, "QazaqstanTeam" республикалық жастар қоғамдық бірлестігінің төрағасы, тележурналист Асхат Садырбай дәріс оқып, қатысушылармен қызу пікір-талас ұйымдастырды. Қатысушыларға мол мағлұмат берген тимбилдингте "Коммуникациялық менеджмент: SMM және мемлекеттік органдар", "Резонансты жағдайдағы "алтын сағат" ережесі", "Адамдардың жадында жатталып қалардай жаңалық жасау", "SMM және қызықты контент қалыптастыру", "Еріктілер жылында жастардың рөлі", "Жергілікті жерлерде мемлекеттік гранттық қаржыландыруды енгізу" тақырыптары қозғалды.
«AQ-QARA.KZ»-ақпарат.