Вторник, 26 Ноябрь 2019 18:34

Түркістан облысы: Сарыағаш ауданы әкімі белгіленген межелерді орындау жөнінде нақты тапсырмалар берді

Бүгін аудан әкімі Мұхит Отаршиевтың төрағалығымен әкімдік мәжіліс өтті. Күн тәртібінде идеология саласы мен әлеуметтік салаға қатысты екі мәселе қаралды. 

Нақтырақ тоқталып өтейік. Әуелі Сарыағаш ауданы аумағындағы көрнекі үгіт-насихат құралдарының жай-күйі туралы ішкі саясат бөлімінің басшысы Алдияр Қозыбаевтың баяндамасы тыңдалды. Бұдан кейін мінберге шыққан ауданның дене шынықтыру, спорт, мәдениет және тілдерді дамыту бөлімінің атқарған жұмыстары және алда тұрған міндеттері туралы бөлім басшысы Ә.Жаншуақов баяндама оқыды. Мәжіліс барысында аудан басшысы бірқатар ауылдық округтерде ілінген көрнекі үгіт-насихат құралдарының жай-күйі сын көтермейтінін атап өтіп, өз кезегінде тиісті ауылдық округ әкімдеріне ескерту жасады. Сонымен қатар жыл соңына дейін мәжілісте сөз болған, белгіленген межелерді толық орындау қажеттігі жөнінде тиісті мекеме басшыларына нақты тапсырмалар берді.

«AQ-QARA.KZ»-ақпарат.

Read 375 times