Алдымен Жылысу ауылдық округі жайында қысқаша мәлімет бере кететін болсақ. Жылысу ауылдық округі 6 елді мекеннен құрылған, орталығы – Жылысу елді мекені. Ауылдық округке қарасты 6 елді мекенде 14691 халық тұрады. Тұрғындардың негізі 11 ұлт өкілінен құралған. Жалпы аумағы 11119 гектарды құрайды, соның ішінде 9680,2 гектар суармалы егістік алқап болып табылады.
Ауыл әкімі Ермек Дауылбаевтың айтуы бойынша, Жылысу ауылдық округінде 2019 жылдың 9 айында ауыл шаруашылығы дақылдарының егістік жер көлемдерін әртараптандыру мақсатында 9680,2 гектар егістік жерге, мақта, қауын, қарбыз, жоңышқа, қызанақ, картоп, пияз, болгар бұрышы, қияр, күріш сияқты ауыл шаруашылығы өнімдері егілсе, тиісінше олардан 2019 жылдың 9 айында 475,8 тонна бақша дақылдары, 17,080 тонна көкөніс, 6123,7 тонна жоңышқа дақылдары өндірілді. Көп жылдық екпелердің үлесі 778 га жерді құрап отыр.
Одан бөлек шағын кәсіпкерлік саласының 2019 жылдың 9 айында 3 шипажай, 23 дүкен, 2 дәріхана, 2 жанаржағар май бекеті, 1 мақта түту цехы, 1 тамақтану орны, 1 монша жұмыс істеп тұр. Мұндағы "Төлеген", "Күлпаршын", "Әмзе" шипажайларына жылына шамамен еліміздің түкпір-түкпірінен 10 мыңға жуық адам келіп, демалып, ем-домын алады. Мұндағы судың құрамы әртүрлі минералдарға бай болып келеді.
«Үдемелі индустриялдық-инновациялық дамуының 2015-2020 жылдарға арналған» мемлекеттік бағдарламасы шеңберінде мақта түту цехы, күріш цехы, барлық елді мекендерде отбасылық бизнесін жалғастыруда. Атап айтар болсақ, жылыжайлар, сүт, қымыз сату, мал бордақылау салалары бойынша жұмыс істеп келеді» - дейді ауыл әкімі Ермек Дауылбаев.
«AQ-QARA.KZ»-ақпарат.