Жетісай ауданы әкімдігінің кіші мәжіліс залында өткен қоғамдық қабылдауға ауданның қала, кент және ауылдық округтерден келген азаматтар аудан басшысына ауыз су, жол, білім, тазалық, электр жарығы мен тұрғын үй мәселелерін көтерді. “Біздің ауданда баспанасы жоқ көпбалалы аналар мен мүмкіндігі шектеулі жандар болмауы тиіс. Бұл бағытта тиісті жұмыстар атқарылып жатыр. Тұрғындардың денсаулығының негізгі тетігінің бірі – ауыз су мәселесін де кезең-кезеңімен шешіп келеміз. Биыл атқарылған жұмыстар аз емес, алдағы жылға да жоспарлап ауқымды. Сондықтан біз халықтан жырақта емес, елдің арасында жүріп адал еңбек етуге тиіспіз”, - деді аудан әкімі Жамантай Қанайұлы. Жиын барысында аудан басшысына базынасын айтып келген әрбір тұрғынның мәселесі хаттамаға енгізіліп, тиісті сала мамандарына тапсырмалар берілді. Берілген тапсырмалардың орындалуын аудан әкім жеке бақылауына алатынын айтты.
«AQ-QARA.KZ»-ақпарат.