Среда, 27 Ноябрь 2019 11:44

Түркістан облысының әкімі шардаралықтарды құттықтады

Түркiстан облысының әкiмi Ө.Шөкеев Шардара ауданының 55 жылдық мерейтойымен шын жүректен құттықтау арнады. 

«Қазақылықтың қайнары, Шардара өңiрi – тарихы мен мәдениетi, өркениетi мен дамуы қатар ұштасқан киелi де шежiрелi мекен. Шардара топырағы қашаннан ерлiк пен елдiктiң, қайнаған еңбектiң мекенi болған. Қойнауында Сырдариядай шалқары бар, барханды шөлi, топырағы құнарлы, ырысты, күрiштi аймақтың дамуына аудан тұрғындары да өз үлестерiн қосып келедi. Қызылқұм өңiрiн игеруде ерен еңбектiң үлгiсiн көрсете бiлген ардагер ағаларымыздың арқасында осындай шалқар теңiзi бар, шежiрелi Шардара ауданы аяққа тұрып қана қойған жоқ, сонымен бiрге ақ алтын мақтасы мен ақ маржан күрiш егуде, асыл тұқымды мал өсiруде бүкiл республикаға атағы шықты. Жастардың жарқын болашағы, елдiң бақытты ертеңi үшiн жастық жалынын, ерiк-жiгерiн аямай қызмет еткен ардагер ағалардың ерен еңбегiн келер ұрпақ ұмытпақ емес. Шалқар Шардараның ең басты байлығы – оның еңбексүйгiш адамдары. Бiрлiгi жарасқан, татулығы бекем, еңбексүйгiш аудан халқы республикамыздың, облысымыздың ауыл шаруашылығының дамуына елеулi үлес қосып келедi. Осы салтанатты сәттi пайдалана отырып, Шардара ауданының бүгiнiн жарқын, болашағын баянды ету жолында талай жылдар тынымсыз тiрлiк, елеулi еңбек еткен ел азаматтары, аға буын өкiлдерiне, барша Түркiстан облысы жұршылығының атынан Сiздердiң ел үшiн еткен еңбектерiңiзге туған жерге деген жанашырлықтарыңызға зор ризашылығым мен шексiз алғысымды бiлдiремiн» - деген ол шардаралықтарды мерекесімен құттықтап, зор денсаулық, ұзақ өмiр, ынтымақ пен бiрлiк, еңбектерiне толағай табыс пен береке тiледі.

 «AQ-QARA.KZ»-ақпарат.

Read 464 times