Среда, 27 Ноябрь 2019 17:58

Түркістан облысы: Келес ауданы әкімі Соңғы ауыл округінде кездесу жиынын өткізді

Аудан әкімі Есбаев Ақментай Үсенұлы аудандағы өзекті мәселелерді анықтау бойынша бүгін «Біртілек» бастауыш партия ұйымында тұрғындармен кездесті. Жиынға сонымен қатар «NurOtan» партиясы Келес аудандық филиалы төрағасының бірінші орынбасары Жұмабеков Ахмет Әбдраманұлы, аудандық мәслихат хатшысы Тотиков Арын Орынбекұлы және тиісті бөлім және мекеме басшылары қатысты. 

Жиын барысында тұрғындардың ұсыныс-пікірлері тыңдалды. Тұрғындар ауыл округіндегі жол жөндеу, ауыз су жүйесі, газдандыру, көшелерді жарықтандыру, елді мекендердегі тозығы жеткен электр жүйесін жаңарту, оқушыларға жолаяқтар салу мәселелерін көтерді. А.Есбаев барлық мәселелер бойынша ақпараттар беріп, бірқатар мәселелер бойынша тиісті бөлім мен мекеме басшыларына, ауыл округі әкімімен және тұрғындармен зерделеп, ұсыныс енгізу бойынша жұмыс атқаруды тапсырып, көтерілген мәселелер «NurOtan» партиясының бақылауында болатынын жеткізді. Сонымен, аудан бойынша елді мекендердегі өзекті мәселелер анықталып, шешімін табу жайлы жол картасы жасақталып, әр мәселе шешімін тапқанша, жергілікті биліктің бақылауында тұратын болады.

«AQ-QARA.KZ»-ақпарат.

Read 480 times