Среда, 27 Ноябрь 2019 20:10

Түркістан облысы: Келес ауданы әкімі Қошқарата тұрғындарымен кездесу жиынын өткізді

 Аудан әкімі Есбаев Ақментай Үсенұлы Қошқарата ауылдық округі тұрғындарымен кездесу жиынын өткізді. Жиынға «NurOtan» партиясы Келес аудандық филиалының төрағасының бірінші орынбасары Жұмабеков Ахмет Әбдраманұлы, аудандық мәслихат хатшысы Тотиков Арын Орынбекұлы және тиісті бөлім және мекеме басшылары қатысты. 

Жиын барысында тұрғындардың ұсыныс-пікірлері тыңдалды. Тұрғындар ауыл округіндегі жол жөндеу, ауыз су жүйесі, газдандыру, көшелерді жарықтандыру, елді мекендердегі тозығы жеткен электр жүйесін жаңарту, оқушыларға аяқжолдар салу, суармалы жер алу мәселелерін көтерді.

Өз кезгінде аудан басшысы Ақментай Есбаев барлық мәселелер бойынша тиісті бөлім мен мекеме басшыларының назарын аударып, ауыл округі әкімімен және тұрғындармен зерделеп, ұсыныс енгізу бойынша жұмыс атқаруды тапсырды. Сонымен бірге жергілікті билік көтерген мәселелерді бақылауға алып, кезең-кезеңімен міндетті түрде шешімін табатындығын жеткізді.

«AQ-QARA.KZ»-ақпарат.

Read 569 times