Жиын барысында тұрғындар тарапынан түйінді сұрақтарға көшті. Кездесу барысында тұрғындар ауыл округіндегі мемлекет тарапынан атқарылып жатқан игі істерге ризашылығын білдіріп, жол жөндеу, ауыз су, газдандыру, көшелерді жарықтандыру, елді мекендердің шеткі үлерінің жарық қуатының аздығы, Абай жалпы орта мектебіне қосымша ғимарат салу, айналма жол ретінде беріліп Ошақты ауыл округі аумағынан өтетін бүлінген жолды жөндеу мәселелерін көтерді.
Аудан басшысы А.Есбаев қалың бұқара тарапынан айтылған ұсыныс-пікірлердің бақылауға алынып, міндетті түрде шешімін табатындығын жеткізді. Барлық мәселелер бойынша тиісті бөлім мен мекеме басшыларының назарын аударып, ауыл округі әкімімен және тұрғындармен зерделеп, ұсыныс енгізу бойынша жұмыс атқаруды тапсырып, жиынды қорытты.
«AQ-QARA.KZ»-ақпарат.