Среда, 27 Ноябрь 2019 18:28

Түркістан облысы: Сарыағаш ауданында Жастар кеңесінің ІІ отырысы өтті

Бүгін Сарыағаш ауданы әкімдігінің жанындағы мемлекеттік жастар саясатын іске асыру жөніндегі консультациялық кеңестің 2019 жылға арналған жұмыс жоспарына сәйкес ІІ отырысы өтті. Кеңесті аудан әкімінің орынбасары М.Сейтімбетов ашып, жастар кеңесінің міндеттерімен жан-жақты таныстырды. 

Аталмыш кеңестің күн тәртібінде аудандағы жастарды кәсіпкерлікке баулу мақсатында атқарылған жұмыстар, «Мәңгілік ел жастары – индустрияға!», «Серпін - 2050» бағдарламасының жүзеге асырылуы, «Дипломмен – ауылға бағдарламасының орындалу барысы туралы қаралды. Бұл ретте күн тәртібіндегі мәселелер бойынша Сарыағаш ауданының ауыл шаруашылығы және кәсіпкерлік бөлімінің маманы Ғани Жанысбеков пен білім бөлімінің басшысы Б.Майрихов, экономика және қаржы бөлімінің маманы Б.Карамановтар баяндама жасады. Баяндама барысында кеңеске қатысушылар мен мүшелері тарапынан бірнеше сұрақтар қойылып, олар өз кезегінде алдағы уақытта атқарылуы тиіс жұмыстар бойынша ұсыныстарын білдірді.

«AQ-QARA.KZ»-ақпарат.

Read 395 times