Бір ғасырдан астам тарихы бар нысан заман талабына сай жабдықталды. Мамандар енді жалпы ол жерде 100-ден астам қызмет түрін ұсынады. Төрт түлікті дәрілеуден бастап, түрлі жұқпалы аурулардың алдын алу шаралары да жүргізіледі. Оған қоса аудандағы ветеринар мамандар қосымша оқып, біліктіліктерін арттырған. Соңғы жылдары Түлкібас ауданында мал шаруашылығы, оның ішінде асыл тұқымды мал саны артып отыр. Тиісінше ветеринария мамандарына деген сұраныс та жоғары болмақ. «Сондықтан жаңа ғимарат пен құрылғылар төрт түліктің арасында таралатын індеттің алдын алуға мүмкіндік береді», - дейді мамандар.
"Биыл бюджеттен 33 млн. теңге қарастырылып, осы ғимаратты пайдалануға беріліп отыр. Ауданда 80-ге жуық қызметкер бар» - дейді Түлкібас ауданы әкімінің орынбасары Марат Жанесен.
«AQ-QARA.KZ»-ақпарат.