Пятница, 29 Ноябрь 2019 11:30

Түркістан облысы: Қазығұрт Қазақстанның Тұңғыш Президенті күні атап өтілді

1 желтоқсан – Қазақстанның Тұңғыш Президенті күні мерекесі ерекше, себебі Тәуелсіз Қазақстанның қалыптасуы мен құрылысына Нұрсұлтан Назарбаевтың үлкен үлес қосқанын айқын көрсетеді және Қазақстанның даму жолын түсіну үшін тағы бір мүмкіндік береді. 

Бүгін Қазығұрт ауданы әкімі, аудандық ақсақалдар кеңесінің мүшелері, денсаулық сақтау, білім беру саласы қызметкерлерінің басын біріктерген бұл мерекеде Қазығұрт ауданы әкімі Төлеген Телғараев алғашқы сөз алып, аудан тұрғындарын құттықтады. Өз сөзінде «Қазіргі таңда кең байтақ елімізде Елбасының «Болашаққа бағдар: Рухани жаңғыру» атты бастамасымен атқарылып жатқан игі істер тәуелсіз Қазақстанды бұдан да биік шыңдарға көтереріне біздің ешқандай күмәніміз жоқ. Мұның барлығы да бүгінгі тәуелсіздігімізді тұғырлы ету жолындағы Тұңғыш Президентіміз – Елбасының еселі еңбегінің жемісі!» – деп құттықтау сөзін қорытындылады.

Жиын барысында бірқатар ел игілігі үшін еңбек сіңірген азаматтарды аудан әкімінің алғыс хатымен марапаттады. Сонымен қатар ауданның спортына үлес қосқан азаматтар да марапаттан тыс қалмады. Одан әрі мерекелік концерт әдемі әнмен өріліп, тамаша бимен көркемделді.

«AQ-QARA.KZ»-ақпарат.

Read 421 times