Суббота, 25 Август 2018 12:00

Түркістан облысында үкіметтік бағдарламаны жүзеге асыруға қадам жасалды

«Қазақстан Республикасының ұлттық экспорттық стратегиясы» 2018-2022 жылдарға арналған Үкіметтік бағдарламасын Түркістан облысында жүзеге асыру бойынша арнайы кездесу ұйымдастырылды. 

Кездесуге Кентау қаласынан "КТЗ" АҚ, "Алекс-Минерал Компани" ЖШС, "Эластополимет" ЖШС басшылары қатысты. Жиын барысында тараптар бірқатар мәселелерді талқылады. Негізгі көтерілген мәселелердің ішінде, тізіп айтқанда, шикізаттық емес, терең өңдеуден өткен өнімдерді экспорттау, экспорттың мейлінше диверсификацияланған құрылымын қалыптастыру, кіші салалық кәсіпорындардың негізінде бір мүдделі концерндерді құру, облыстың халықаралық бәсекеге қабілетті экспорттаушы кәсіпорын санын ұлғайту, Үкімет тарапынан көрсетілетін қаржылық қолдауларды жүйелі дамыту және тағы басқа мәселелерді ерекшелеуге болады. Бұл ретте облыстың түкпір-түкпірінен келген бірнеше кәсіпорын өкілдері өз сауалдары мен тілектерін жолдап жатты. Солардың бірқатарына сол мезетте жауап та берілді. Ал шешуге тиісті мәселелер облыс әкімдігі тарапынан бақылауға алынатын болды.

«AQ-QARA.KZ»-ақпарат.

 

Read 674 times