Пятница, 21 Сентябрь 2018 09:13

Түркістан облысы мақта терімін бастады

Қыркүйек айының алғашқы онкүндігін артқа тастап, Түркістан облысындағы Жетісай ауданында мақта терімі басталды. Қазіргі таңда ауданда «ақ алтынды» қолмен теру жұмыстары Ж.Ералиев, Ш.Ділдабеков, Мақталы, Қарақай ауыл округтеріндегі шаруа қожалықтары бастап жіберді. 

 Жалпы, ағымдағы жылы ауданда 48220 гектарға мақта дәні себілген. Аудан шаруалары өткен жылы орташа есеппен мақтаның әр гектарынан 25 центнерден өнім жинаса, «биыл да осы көрсеткіштен төмен болмайды» деп болжам жасап отыр. Араға бірер күн салып мақта алқаптарында комбайндар жұмысқа кірісіп те үлгерді. Әзірдің өзінде ауданда мақта теретін 70-ке жуық «ДжонДир» комбайндардың техникалық дайындықтары пысықталды. Оның 65-і 4 жүйекті. Яғни әрбір комбайн бір мезетте 4 жүйектегі «ақ алтынды» жинауға қауқарлы.

Айта кетерлігі, шаруаларға мемлекет тарапынан берілетін жанар-жағармай талондары таратылып берілуде. Сондай-ақ алқаптарда мақтаны химиялық әдіспен қурату жұмыстары жүргізіліп жатыр. Сонымен қатар аудан көлемінде «ақ алтын» жинауға арналған қабылдау бекеттері іске қосылып жатыр

«AQ-QARA.KZ»-ақпарат.

Read 898 times