Понедельник, 22 Октябрь 2018 17:35

Түркістан облысы: Жетісай ауданында қой басы 167 мыңнан асты

Бүгінде Жетісай ауданында 152 мал бордақылау алаңы жұмыс істейді. Солардың бірі Жетісай ауданы Абай ауыл округіндегі «Махарам» шаруа қожалығы алдағы 4 айда 1 мың бас қойды бордақылап шығармақ. 

Әрбір байланған қошқар орта есеппен 30-35 келі ет береді. Қазірдің өзінде қорада 300 бас жайдары қошқар жемге қойылған. Қожалықта өндірілген ет негізінен Алматы қаласының нарығына жөнелтіледі. 

Қазіргі таңда «Махарам» шаруа қожалығының иелегінде жалпы саны 5 мың бас қой бар. Жетісай ауданында жайылым жер қат болғандықтан, мұндағы отарлар Шардара ауданына қарасты құмда ұсталады екен. Қожалық төрағасы Махарам Нифталиевтің айтуынша, жайдары қойлар шөл және шөлейт жер жайылымына көнбіс, күтім талғамайды. 

«Қойларымыздыңжем-шөбінөзімізәзірлейміз. Биыл 20 гектар жоңышқа мен 30 гектар жерге жүгері ектік. Одан алынған өнім жаман емес. Мәселен, жоңышқаны 5 рет орып аламыз. Жиын-терім жұмыстарына қажетті техникаларымыз да бар», - дейді Махарам Нифталиев. 

Айтакетейік, бүгіндеЖетісайауданында 167 мың 972 ұсақмалбар. Оның 22337-сі Жаңаауыл ауылдық округіндегі шаруаларға тиесілі.

«AQ-QARA.KZ»-ақпарат.

Read 853 times