Воскресенье, 18 Ноябрь 2018 05:34

Түркістандық кәсіпорындар жаппай жалақыны өсіріп жатыр

Түркістан қаласындағы 20-дан аса кәсіпорын жұмысшыларының ең төменгі жалақысын 20 пайызға көтеретін болды. Қалалық әкімдіктің кәсіпкерлік бөлімімен кәсіпорындар арасында осындай меморандум бекітілді. Бұл өндіріс орындарының арасында наубайхана, жиһаз және құрылыс материалдарын өңдейтін цех, коммуналдық салаға қажетті құбыр насосын шығаратын кәсіпорын мен мақтаны терең өңдейтін зауыт бар.

Бүгінгі күні аталмыш кәсіпорындарда 230-дан аса жұмысшы ең төменгі жалақы 33 мың теңге алады. Енді 1 қаңтардан бастап, олардың айлығы 42 мың 500 теңгеге көтерілетін болды. Осы санаттағы жұмысшылардың дені – күзетші, еден жуушы және техникалық қызметкерлер. Мәселен, мақтаны терең өңдейтін зауыт жұмысшыларының ең төмен жалақысы бұған дейін 43 мың теңгені құраса, енді 85 мың теңгеге дейін өсіру жоспарланып отыр. 

Аталмыш мақта зауытында қазандық басшысы болып жұмыс істейтін Әбутәліп Мырзалиев «Осы зауытта жұмыс істегеніме 13 жыл болды. Талай қиыншылықтарды жеңдік. Жұмысшылардың бір жылдан бері ең төменгі жалақылары 43 мың теңге болды. Жалақымыз бұдан да көтерілетін шығар деп үміттеніп отырмыз»,-дейді. Ал, осы мақта зауытының директоры Әбдірасыл Құрманалиев болса«Өзіңнің қол астыңда жұмыс істейтін жұмысшылардың жағдайы жақсы болғаны бұл ұжымға да, барлығына жақсы жағынан әсер етеді. Жұмысшылардың жағдайы дұрыс болғаны барлығына пайдалы. Осы категория бойынша: « Семейде «Менің аулам» бағдарламасымен 62 ауланы жөндеу көзделіп отыр БҚО-дағы «Сырым» өткізу бекеті қайта салынбақ»,-деді.

«AQ-QARA-KZ» - ақпарат»

Read 850 times