Понедельник, 26 Ноябрь 2018 15:33

Түркістан облысы: Сарыағаш ауданында тұқымбақтың жұмысы жанданып келеді

Тұқымбақ жылына 1 млн. көшет өндіреді. Онда алма, алқоры, алша, жүзім және шие сияқты жеміс-жидек түрлері мен тропикалық және экзотикалық өсімдіктердің де көшеттері бар. 

Тропикалық жемістер жылыжайдың ішінде өсіріледі. Мұнда грек жаңғағы, інжір, анар дақылы да жерсіндірілген. Тұқымбақ мамандары енді киви өсіруді де қолға алыпты. Одан бөлек жылыжайда 210 түп аналық лимон ағашы жайқалып тұр. Қазір жемісі көздің жауын алады. Тұқым бақ қызметкерлерінің айтуынша, күтімі жақсы болса, мұндағы бір түп лимон 20 кг дейін өнім береді. Жалпы тұқымбақтың аумағы – 100 жектар. Оның 2,5 гектарында жылыжай орналасқан. Мұнда 50-ге жуық адам жыл он екі ай жұмыс істейді.

«Кем дегенде бір көшет шығару үшін үш жыл уақыт керек. Оған қажетті аналығын да 3 жыл ұстау керек. Соның барлығын үш жыл ұстағанан кейін барып, көшет шығару керек. Жұмыс өте ауыр. Істелетін жұмыстардың барлығы қолмен жасалады. Бұл жерде қол жұмысы өте көп» дейді тұқымбақ басшысы Танабай Шынтасов.

«AQ-QARA.KZ»-ақпарат.

Read 816 times