Пятница, 21 Июнь 2019 11:06

Түркістан-Ташкент бағытында жоғары жылдамдықты темір жол салынатын болды

Қазақстан Республикасы мен Өзбекстан Республикасы арасындағы екіжақты ынтымақтастық жөніндегі бірлескен үкіметаралық комиссиясының 18-ші отырысында, Түркістан облысының әкімі Өмірзақ Шөкеев Өзбекстан Республикасының Премьер-Министрі А.Ариповпен, Өзбекстан Республикасы Су ресурстары жөніндегі министрі Ш.Хамряевпен және «Узбекистан Темір жолдары» АҚ Басқарма Төрағасы Х.Хасиловпен кездесті.

Кездесу барысында облыс басшысы Түркістан өңірінің инвестициялық және туристік әлеуетіне тоқталып, трансшекаралық ынтымақтастық мәселелерін талқылады, сондай-ақ бірқатар маңызды келісімдерге қол қойды. Атап айтқанда, екі облыс арасында туризм саласын дамыту туралы Ташкент облысының әкімдігімен меморандумға қол қойылды, оның аясында жалпы туристік маршруттар дамитын болады.

Бұдан басқа, «Узбекистон темір жолы» АҚ Басқарма Төрағасымен кездесу барысында «Түркістан-Ташкент» жоғары жылдамдықты темір жол құрылысы туралы меморандумға қол қойылды. Сонымен бірге, Достық су арнасы арқылы жеткізілетін су көлемінің артуын талқылау барысында Тәжікстан, Қырғызстан, Өзбекстан және Қазақстан арасындағы үкіметаралық жұмыс тобын құру туралы шешім қабылданды.

«AQ-QARA-KZ» - ақпарат»

 

Read 434 times