Вторник, 18 Июнь 2019 12:56

Түркістан облысы: Келес ауданында 8 елді мекенге газ берілді

Түркістан облысы Келес ауданындағы Бірлесу және Жүзімдік ауылдық округтерін табиғи газ жүйесімен қамтамасыз ету үшін құрылыс-монтаж жұмыстары жүргізілген болатын. Бүгінгі таңда атқарылған жұмыстар аяқталып, аталған ауылдық округтерге жүргізілген табиғи газ жүйесі іске қосылды. 

Нақтырақ айтсақ, Жүзімдік ауылдық округіне қарасты Оңтүстік, Бірлесу, Сәтбаев, Ақсу елді мекендеріне, Бірлесу ауылдық округінің құрамындағы Қазақстан, 28-гвардия, Дихан, Берекелді елді мекендеріне, ұзын-ырғасы 8 елді мекенге газ құбыры жүргізілді. Қазіргі таңда 1519 үйге «көгілдір отын» жеткізіліп отыр. Ауыл тұрғындарының осынау қуанышымен ортақтасу мақсатында аудан әкімі Ақментай Есбаев қалың бұқараның ортасынан табылып, өзінің ізгі тілектерін жеткізді.

Айта кетер жайт, жыл соңына дейін Келес ауданы бойынша жалпы табиғи газ жүйесімен тағы да 5 елді мекен қамтылады деп жоспарланып отыр. Және газдандыру жұмыстары жалғасын таба бермек.

 «AQ-QARA.kz»-ақпарат.

Read 477 times