Среда, 12 Июнь 2019 14:23

Түркістан облысы: Түлкібас ауданында жол құрылысы қарқынды

Әлеуметтік мәселелерінің дені оң шешімін тапқан Түлкібас ауданында автомобиль жолдары мен елді мекен көшелерін жөндеу жұмыстары қарқынды іске асуда. 

Аудан аумағында жалпы автомобиль жолдарының ұзындығы 827,9 шақырымды құрайды. Оның ішінде республикалық маңызы бары 59 шақырымды, облыстық маңызы бары 242,9 шақырымды, аудандық маңызы бар жолдар 96,6 шақырымды, елді мекен көшелері 429,4 шақырымды құрайды.

2019 жылы аудан бойынша жалпы ұзындығы 62,3 шақырымдық 41 жолға күрделі және орташа жөндеу жұмыстарын жүргізу жоспарланған. Оның ішінде 15,2 шақырымдық 5 жолға күрделі жөндеу жұмыстары, 47,1 шақырымдық 36 жолға орташа жөндеу жұмыстары жүргізілуде. Бүгінгі таңда аталмыш жолдардың 20 шақырымы жөндеуден өтіп, пайдалануға берілді. Жалпы жөндеу жұмыстары ағымдағы жылдың тамыз-қыркүйек айларында аяқталып, пайдалануға берілмек. Осы жұмыстар атқарылған соң аудандық маңызы бар жолдардың жақсы және қанағатты жағдайы 84,2% -ға, елді мекен көшелері 85,1%-ға артпақ.

«AQ-QARA.kz»-ақпарат.

Read 455 times