Воскресенье, 23 Июнь 2019 14:49

Түркістан облысы: Келес ауданының дихандары астық оруды бастап кетті

Келес ауданының дихандары жылдағы қарқынынан танбастан өзге аймақтардан бұрын астық оруды бастап кетті. Көктем жауын-шашынды болғандықтан бидай көп жерде бітік шыққан. Агротехникалық талаптарды тиянақты атқарған ірі шаруашылықтардың алды қазір егістіктің әр гектарынан 30-35 центнерге дейін өнім жинап жатыр. Соның нәтижесінде биыл қамбаға жылдағыдан артық дән құйылмақ.

Ошақты ауылындағы шаруа қожалығы биыл 170 гектар алқапқа бидай мен арпа сепкен. Арнайы селекциялық ғылыми зерттеу институтынан тұқымның элиталық сортын алып екті. Шаруашылықта жер жырту, тұқым себу және жерді өңдеу секілді жұмыстар  дер  уақтылы істелген. Соның арқасында қазір қырманға мол астық тасылып жатыр. Бір бидайдың басында 32 дәннен 4 қатар болғанда 128 дәннен түсіп жатыр. 120-130 дән. Тұқымы элиталық сорт болуына  байланысты. Тұқымы таз болып, содан өнімі де жақсы болып тұрған жайы бар.Орақта жүрген комбаиндардың дені шетелдік. Жаңа техникалардың артықшылығы көп. Бидайды ешбір ысырапсыз жинайды. Шанаққа түскен дәннің тазартылуы да жақсы.

«Бункердің сиымдылығы 4 тонна. Арғыь басқа 2 барып келгенде толып жатыр. Жалпы техника шетелдікі болғандықтан  шашпай төкпей жерден алады. Күніне  жақсы жүріп отырсаң 35-40 гектар орамыз» - дейді комбайншы Ілияс Жақсылық. Жалпы Келес ауданы бойынша биыл 850 гектар алқапқа дән себілді. Мемлекет тарапынан берілетін арзан бағадағы жанар жағар май мен минералды тыңайтқыш та шаруаның қолына уақтылы тиді. Жердің бабы мен күн райының қолайлы кезеңін үйлестіре білудің арқасында аграрлы ауданның диқандары ендігі жерде егістіктің өнімділігін 2,5 есеге ұляғайтпақ. 

 «AQ-QARA-KZ» - ақпарат»

Read 743 times