Воскресенье, 14 Июль 2019 10:56

Шардараның балықтары бірнеше мемлекетке эскпортталуда

Түркістан облысы, Шардара ауданындағы «Хамит» ауыл шаруашылығы өндірістік кооперативінің балық өнімдері тек Қазақстан аумағында ғана емес Латвия, Литва, Франция, Германия және Қытай елдеріне де экспортталып жатыр.

Түркістан облысы, Шардара ауданында орналасқан «Хамит» ауыл шаруашылығы өндірістік кооперативінде бүгінде 250 жергілікті тұрғын тұрақты жұмыспен қамтылып отыр. Бүгінде аталған мекеме жұмысшыларына орташа 80 мың теңге көлемінде айлық жалақысын төлеуде. Сондай-ақ, кәсіпорында өнім сапасын арттыру мен еңбек ету ортасын қауіпсіздендіру мақсатында ыңғайлы барлық жағдайлар жасалған. Балықты тазалаудан бастап, мұздатылған және ысталған дайын өнім түріне дейінгі жұмыс процесін жүргізетін зауыт өткен жылы 2331 тонна дайын өнім өндірген.

Өндірілген өнімдер Қазақстан аумағымен қоса Латвия, Литва, Франция, Германия және Қытай елдеріне экспортталып жатыр. Зауыт басшылығы алдағы уақытта шардаралық балықтарды отандық брендке айналдырып, өнім сапасы мен көлемін арттыруды көздеп отыр.

«AQ-QARA-KZ» - ақпарат»

Read 497 times