Іс-шараның басты мақсаты – жобаны халықаралық сарапшылармен алдын ала талқылау және ұсыныс пікірлерін алу. Жиында сөз алған Фрере Эдди «MND Group France» компаниясының директоры Фрере Эддижобаның техникалық экономикалық тұрғыдан тиімді жасалынғандығын және өңірдің дамуына зор үлес қосатын айтса, Халықаралық шаңғы ферерациясының инспекторы Андрей Обыскалов жоба әлеуетін ескере отырып жүзеге асқанда құрылықтық және халықаралық шаңғы іс-шаралар өткізуге мүмкіндік бар екендігін жеткізді.
Жоба бұған дейін халықаралық деңгейде қызу талқыланған болатын.Бүгінгі таңда CG Group компаниясы қонақ үй кешендерін салуға қызығушылық танытып отыр. Жалпы курорт аумағы 2 негізгі аймаққа бөлінген:–тау шаңғысы инфрақұрылымы бар жоғарғы базасы (шаңғы трассалары, арқан және дөңес жолдар, көтергіштер, сервистік ғимараттар) 1 910-ден 3 200 метрге дейінгі биіктікте;– төменгі база (қонақ үйлер, мейрамханалар, аквапарк,ойын, спорт және жаттығу орталықтары) 1600-ден 1900 метрге дейін биіктікте. Естеріңізге сала кетейік, қазіргі заманғы тау-шаңғы курортының құрылысы өңірдегі жаппай тау-шаңғы спортын дамытуға серпін береді, отандық туризм индустриясы қызметінің бәсекеге қабілеттілігі мен сапасын арттыруға, жаңа жұмыс орындарын құруға, әлеуметтік инфрақұрылымды дамытуға, Түркістан облысының инвестициялық тартымдылығын арттыруға мүмкіндік береді. Жобаны іске асырудың бірінші кезеңінде келушілер саны 110 мыңнан 140 мың адамға дейін артады деп күтілуде.
«AQ-QARA-KZ» - ақпарат»