- Қос тарап ауқымды жобаны жүзеге асыру жолдарын талқылады. МариМатик - негізінен қоқысты қайта өңдеу бағытынан әлемдік озық технологияны жасақтаған бірден бір компания. Кездесуда компанияның директоры Валентина Вакалова автоматтандырылған жүйенің тұрғындар үшін тиімділігі көп екендігін айтты. Қоғамдық және тұрғын үй массивтеріне қойылатын жәшіктерге түсетін қалдықтар құбырлар арқылы орталық станциядағы контейнерлерге нығыздалып, кейін тасымалдағышпен өңделуге жөнелтіледі.
Бұл жүйеде электр қуатын үнемдеу, қоршаған ортаны қорғау, тұрғындар үшін тиімділікті сақтау секілді барлық жағдайлар ескерілген. Жоба бұған дейін Біріккен Араб Әмірліктерінде, Ресейде, Финляндияда жүзеге асырылған. Компания басшылығының ұсынысын тыңдаған қала басшысы қалалық тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық бөлімі мен қаланың бас сәулетшісіне жобаны жүзеге асыруға болатын қолайлы орындарды қарастыруды тапсырды.
«AQ-QARA-KZ» - ақпарат»