Мақтарал ауылдық округінде орналасқан «Хамро ата» шаруа қожалығының төрағасы Абдужалил Боев 5 гектар жерге алма бағын өсіріп отыр. Сондай-ақ, «Вита фреш» жеке кәсіпкерлігінің басшысы Равиль Хасанов 6,6 гектарға, «Весна» шаруа қожалығының басшысы Батыр Хайдаров 5 гектар жерге және "»Отан ана» шаруа қожалығының басшысы Данияр Ажикабулов 7 гектар жерге пленка астында егу технологиясын қолдана отырып, жылына 2-3 рет өнім алу әдісін ендірген. Ал, «Сракулова» жеке кәсіпкерлігінің басшысы Айгул Сракулова 2600 бас қаз бақса, «Хасан» жеке кәсіпкерлігінің басшысы Хасан Алланазаров 50 бастық мал бордақылау алаңын іске қосты.
Жүзеге асырылған жобалардың барлығымен танысып шыққан аудан басшысы ашылған кәсіпті әрі қарай өркендетіп, қосымша жұмыс орындарын ашу керектігін тілге тиек етті. Сондай-ақ, халықтың әлеуетін көтеретін осындай жобаларды көбейту үшін аудандық ауыл шаруашылығы бөлімінің басшысына арнайы тапсырма берді.
«AQ-QARA-KZ» - ақпарат»