Бүгінгі таңда шығарылған бетондардың барлығы дерлік Түркістан облысына қарасты аудан, қалаларға жіберіліп жатқанын айта кеткен жөн. Кәсіпорында 15 HOWО камазы, 1 жүк машинасы, 1 автобетон-насос көлігі бар. Зауыттағы бетон жасап шығаратын құрылғылардың барлығы Түркия елінен әкелінген. Серіктестік басшылығы болашақта зауыт аймағын ұлғайтып, өнім көлемін көбейтуді мақсат етіп отыр екен.
Кентшілер қаласын Кентауда бұрыннан өндіріс дамыған. Мұндай көптеген кәсіпорындар қызмет атқарып, өнімдері Мәскеуге дейін тасымалданатын. Тек ел Кеңес үкіметі ыдыраған тұста орын алған қиындықтардан басым бөлігі жабылып қалған еді. Мемлекеттік қолдаудың нәтижесінде қаладағы өндіріске қайта жанданып жатыр.
«AQ-QARA-KZ» - ақпарат»