Осыдан екі жыл бұрын ғана 50 басты ірі қара алып, бордақылап, оның етін сатуды қолға алған болатын. Бүгінгі таңда бұқалардың саны 100-ге жетіп, айына 2-3 тоннаға дейін етті көршілес Өзбекстан Республикасына, сондай-ақ өзіміздің аймақтарға экспорттауда.
Жалпы Кентау қаласында ағымдағы жылдың 6 айында «Сыбаға» бағдарламасы бойынша: 800 бас ірі қара мал алу жоспарланған болса, бүгінде 740 бас ірі қара мал алынды. Оның ішінде 52 бас аналық сиыр. Тапсырма 92,5% орындалып отыр. Ал, Ескі Иқан ауыл округінде 52 мың уақ мал, 19 мың ірі қара, 1500 жылқы және 60 шағын мал бордақылау алаңдары бар. Соның ішінде ірі қара шаруашылығы өнімді көп беретін сала болғандықтан айналысушылар саны да көбейе түсуде.
«AQ-QARA-KZ» - ақпарат»