Мемлекетіміздің салық жүйесі оң жолмен орындалса, салықтық бақылаудың да сапасы артады. Өткен жылмен салыстырғанда салықтың өсу қарқыны 138,8% құрап, түсті. Сондай –ақ, республикалық бюджетк жоспардың орындалуы 100,5%-ға артық орындалды. «Жергілікті бюджеттің жоспары – 107,1% орындалды. Жоспар 25 379 млн. теңге болса, нақты түскені 27 180 млн.теңгені құрап, артығымен 1 800 млн.теңге өндірілді.Бекітілген жоспарды артығымен орындау – бұл, әрине салықтық және кедендік әкімшілендіруді жетілдіруге бағытталған іс-шаралардың оң нәтижесі болып табылады.Бұл ретте, Департаментпен қосымша кіріс көздерін анықтау және өндіру бағытындағы жұмыстарды атап өтуге болады» - дейді Түркістан облысы бойынша Мемлекеттік кірістер департаменті басшысының орынбасары Алмас Шаймерденов.
ҚР Салық кодексіне сәйкес, салық төлеушілерге тексерулер жүргізу салық органдарына жүктелген. Дегенмен, Департамент тарапынан, бизнеске қолдау көрсету мақсатында негізсіз салықтық тексерулерді тағайындамау бағытында да нәтижелі жұмыстар атқарылуда. Ағымдағы жылы, жалпы салықтық тексерулер саны 2018 жылдың осы кезеңімен салыстырғанда 40 салықтық тексеруге немесе 9,9% төмендеді (2018ж 6 айында – 403; 2019ж 6 айында -363 ).Атап айтатын болсақ, а.ж. 1-жартыжылдығында 363 салықтық тексерулер жүргізілген. Оның ішінде: құжаттық тексерулер - 31, ҚҚС қайтару бойынша – 31, қарама-қарсы тексерулер - 25, жекелеген сұрақтар бойынша тақырыптық тексерулер - 260, хронометраждық зерттеулер -16.
Салықтық тексерулердің нәтижесімен барлығы 4 312 млн.тг. салықтар мен өсімпұлдар қосымша есептелді. Проблемалық сомаларды есептемегенде қосымша есептелінген 180 млн.тенге толығымен бюджетке өндірілген. Салықтық бақылаудың бірден бір негізігі бағыты - ол камералдық бақылау болып табылады. Бұл - салық төлеушіге камералдық бақылау нәтижесімен анықталған бұзушылықтарды өз еркімен, айыппұлдарсыз түзетуге мүмкіндік береді. Камералдық бақылау жұмыстарының нәтижесінде ағымдағы жылдың 6 айында жергілікті бюджетке 577 млн. тг. қосымша есептелініп, оның 97% бюджетке өндірілді.
«AQ-QARA-KZ» - ақпарат»