Ерте егілген көкөністің ішінде 501,1 гектарға қырыққабат, 77 гектарға қызылша, 213 гектарға болгар бұрышы, 71,5 гектарға пияз, 363,8 гектарға қызанақ, 173 гектарға қияр, 210,2 гектарға баклажан, 218 гектарға сәбіз егіліп, қазіргі таңға дейін жалпы 26388,6 тонна өнім жиналды.
Сол секілді мақтааралдық диқандар картоптан 250,5 тонна, жоңышқадан 22652 тонна және аудандағы жалпы жылыжайдан 652,2 тонна өнім алған. Бүгінгі таңда мақталы өлкеде бақша дақылдарын жинау науқаны қыза түскен. Қазірдің өзінде 100 мың тоннаға жуық бақша өнімдері Қазақстанның барлық аймағына таралып, Ресейге және Еуропаның бірнеше елдеріне экспортталып үлгерді.
Айта кетейік, Мақтаарал ауданының диқандары Республикада ең бірінші болып және Өзбекстанға қарағанда 1 апта бұрын бақша өнімдерін нарыққа шығарады.
«AQ-QARA-KZ» - ақпарат»