Аудан әкімдігінің ұйымдастыруымен бүгін «Қарапайым заттар экономикасы» бағдарламасы аясында кәсіпкерлерге көрсетілетін жеңілдіктерді түсіндіру мақсатында кездесу өтті. Аудан әкімінің орынбасары М.Жанесеннің төрағалығымен өткен кездесуге аудан кәсіпкерлері және өз кәсібін ашуға үміткерлер, ауылдық округ әкімдері мен мамандары, ауыл шаруашылығы, кәсіпкерлік бөлімдерінің басшылары мен мамандары қатысты. Кездесу барысында «Аграрлық Несие Корпорациясы» АҚ филиалының сектор менгерушісі Алмаз Кәрімжанұлы Абжан «Қарапайым заттар экономикасы» бағдарламасы жайында ауқымды баяндама жасап, жеке кәсіпкерлер тарапынан қойылған сұрақтарға тиісті жауаптарын берді.
«AQ-QARA.kz»-ақпарат.