Ол 2010 жылы 10 соттық жерден жылыжай салып, мол өнімін алған шаруа. Кәсібін ұлғайтпақ ниетте мемлекеттен жеңілдетілген несие алған. Сонымен қатар, тәжірибе алмасу үшін тіпті шетел асып Израиль елінің шаруаларынан кеңес алған. Бүгінде шаруасы кеңге жайылып 30 соттық жерден жылына 40 тонна өнім алып отыр. Қиыр, қызанақтан бөлек лимон өсімдігін өсіруді де қолға алған. 20 түп лимон ағашының әрқайсысынан 50-150 келі аралықта өнім жинап алады. Қол астында 10-ға жуық адам жұмыс істейді.
«Жинаған өнімдерімізді Кентау қаласына, қаланың дәмханаларына, сонымен қатар, қала әкімдігінің қолдауымен әр аптаның сенбісінде өтетін азық-түлік жәрменкесінде өз өнімдерімізді сатамыз. Өз қаламыз бен ауылдан артылып жатқан жоқ», - дейді шаруа қожалығының иесі. Өз жұмысыны сүйіп жасайтын шаруа, мемлекеттің әрдайым шаруашылыққа көңіл бөліп, көмек беріп келе жатқандарына айтар алғысы шексіз.
«AQ-QARA-KZ» - ақпарат»