Среда, 21 Август 2019 09:28

Арыста «Бизнестен бизнеске көмек» жобасы жүзеге асырылуда

«Бизнестен бизнеске көмек» жобасы аясында Арыстағы 85 кәсіпкерлік нысанға 700 млн теңгеге жуық қаржылай көмек көрсетілген. Жобаның басты үйлестірушісі «Менің Атамекенім» қоғамдық бірлестігі.

Ал, қаржыны еліміздегі сегіз ірі компания аударған. Олардың ішінде «ERG көмек» корпоративтік қоры, «Корпораци Казақмыс» ЖШС, «КазАзот» АҚ, «Усть-Каменогорский титано-магниевый комбинат» АҚ, «Актюбинская медная компания» ЖШС, «Востокцветмет» ЖШС, «Богатырь көмір» ЖШС, «Восход Хром» ЖШС бар. Құрылыс жұмыстарын «Алжа құрылыс» компаниясы атқаруда.

Жалпы Арыс қаласында 500-ден астам кәсіпкерлік нысаны бар. Олардың 484-не зақым келгендіктен, жөндеу жұмыстарын қажет етеді. 316 нысанның иелері өз күшімен ғимараттарын ретке келтіріп алыпты. Ал, 12 коммерциялық объекті қатты зақымдалғандықтан толығымен бұзылған. «Қысқа мерзім ішінде үлкен көмекке ие боламын деп ойламадым. Әйнекпен қапталған дүкені қирағанда ішіне кірудің өзі мұң болды. Кейіннен көмек алып, көңілім орнына түсті», - дейді кәсіпкер Бақытжан Сыздықов.

«AQ-QARA-KZ» - ақпарат»

Read 724 times