Среда, 14 Август 2019 05:34

Түркістан облысы: Ордабасы ауданының ауыл шаруашылығы саласындағы өндірілген өнім 13 млрд. теңгеге жуықтады

Мал шаруашылығы саласын дамытудың негізгі көрсеткіштері мал басы мен мал шаруашылығы өнімдерін ұлғайтуға және асыл тұқымды мал басының үлесін арттыруға бағытталған. Статистикалық мәліметтерге сәйкес, қаңтар-маусым айларында Ордабасы ауданында ауыл шаруашылығы жалпы өнімінің көлемі – 12 млрд. 951 млн. 500 мың теңгені құрап, 2018 жылдың тиісті кезеңімен салыстырғанда 1 млрд. 537 млн 500 мың теңгеге артты. 

2019 жылдың қаңтар-маусым айларында өткен жылдың тиісті кезеңімен салыстырғанда, ірі қара мал – 6,1%-ға (80632 бас), қой – 1,7%-ға (451859 бас), ешкі –2,0%-ға (21504 бас), жылқы тиісінше – 4,8%-ға (24525 бас), түйе саны – 29,3%-ға (785 бас) өсті. «Сыбаға» бағдарламасы бойынша – 413 бас ірі қара мал; «Алтын асық» бағдарламасымен – 2077 бас уақ мал; «Құлан» бағдарламасымен – 113 бас жылқы алынды.

2019 жылы 35 мал бордақылау алаңын ашу жоспарланып, қазіргі таңда 36 алаң ашылып, мал бордақылауды бастады. 26 шағын жанұялық сүт фермалары іске қосылды. Бөржар ауыл округінде «Сабыр» шаруа қожалығы «ФудМастер-Шымкент Компания» ЖШС-мен келісімшарт түзіп, тәулігіне 1,0 тн сүт қабылдайтын бекет ашты. 

«Ораз» шаруа қожалығы 15 мың басқа ыңғайластырылған, етті бағыттағы құс фермасын, жеке кәсіпкер Полатхан Рзаев 1500 бастық асыранды қаз өсіру нысанын іске қосты. 

Мал шаруашылығы өнімінің экспорттық әлеуетін дамыту бойынша тоқталсақ. 2019 жылға экспортталатын ірі қара мал еті – 300 тонна, қой еті – 200 тонна және құс еті – 3000 тонна жоспарланған. Бүгінгі таңда 178,1 тонна қой еті мен 1 193,5 тонна күрке тауық етінің өнімдері және 93 бас жылқы экспортталды.

«AQ-QARA.kz»-ақпарат.

Read 555 times