Четверг, 17 Октябрь 2019 11:45

Шымкенттегі бизнес-жобаларға екінші деңгейлі банктер несие беруге дайын

Бұл жаңалық Шымкентте «Қарапайым заттар экономикасын» дамыту және «Нәтижелі жұмыспен қамтуды және жаппай кәсіпкерлікті дамытудың 2017-2021 жылдарға арналған» бағдарламасы аясында өткен мәжілісте белгілі болды. Аталмыш жиын Шымкент қаласы әкімінің орынбасары Е.Садырдың төрағалығымен өтті.

Мәжіліс барысында аталған бағдарламаларға қатысушы жобалардың мәселелерін бірлесе талқылап, оны жеделдетіп шешу бойынша ұсыныстар енгізілді. Атап айтсақ, бүгінгі таңда «Қарапайым заттар экономикасы» бағдарламасын іске асыру мақсатында қаржы көздеріне қол жетімділігін қамтамасыз ету, жобаларды сүйемелдеу, кәсіпкерлерге кешенді қолдау көрсету үшін Шымкентте өңірлік кәсіпкерлер палатасы, екінші деңгейлі банктер мен басқармалар бірлесе Жобалық кеңсе құрылып, жұмыс істеп жатыр.

Одан бөлек, жиын барысында «Қарапайым заттар экономикасы» бағдарламасы шеңберінде білім беру жүйесі мен денсаулық сақтау саласында бірнеше жобаларды жүзеге асыру мақсатында құрылған бірнеше жаңа жобалар жайында сөз қозғалды. Айта кетейік, қазіргі уақытта «Қарапайым заттар экономикасы» бағдарламасы шеңберінде Шымкент қаласы бойынша 5,9 млрд.теңгеге жоспарланған 18 жоба Екінші деңгейлі банктерден несие алуға мақұлданған.

«AQ-QARA-KZ» - ақпарат»

Read 466 times