«Ерсұлтан Агро» ЖШС Бәйдібек ауданына қарасты Ағыбет пен Алғабас ауылдық округтеріндегі жерлерді игеріп, бидай мен арпа, мақсары мен мал азығын дайындап, ел игілігі үшін еңбек етуде. Биыл егістікке 1500 гектар жерді дайындаған-ды. 25 жұмысшы, 7 трактордың көмегімен дән сеуіп үлгерді. «Жерді жыртып, жақсылап тармалап бүгінде дәнін сеуіп үлгерді. 25 жұмысшыдан жасақталған шаруашылық іске қосып, жұмыстарын қарқынды жүргізуде. Ауа-райының қолайлы кезеңін тиімді пайдаланып отырған шаруашылықта науқан кезінде 50-ге жуық жұмысшы жұмысқа тартылады.
«Ерсұлтан–агро» аудандағы ауылшаруашылығы саласында асығы алшысынан түскен қожалықтың бірі. Шаруалар 1070 гектарға бидай, 514 гектарға арпа, 600 гектарға жоңышқа, 300 гектарға мақсары еккен. Дайын өнімжді жинап сақтайтын 3 мың тонналық қоймалары да қарастырылған. Егін егіп, оны уақытылы жинап, жауын-шашыннан, қақаған суық пен аяздан қорғау үшін салынған 3000 тонналық қоймаға жинақталды. Шаруашылық техникаларының дені сандық жүйеге көшкен. Соның көмегімен қазір жұмысшы топтың құрамы да азайған. Ауылшаруашылығы саласына тың серпін беру арқылы мол өнім алған шаруалар биылғы егістіктен де үлкен үміт күтіп отыр.
«AQ-QARA-KZ» - ақпарат»