Ал, екінші мәселе бойынша күзгі маусымдық жіті респираторлы вирустық инфекциясының және тұмау ауруларының алдын алу жұмыстарының барысы туралы баяндаған аудандық аурухананың бас дәрігерінің орынбасары Ибраева Меңзада Сәлімгерейқызы респираторлы вирусты инфекциямен, тұмаумен ауырған жүкті әйелдер мен 1 жасқа дейінгі балаларды анықтау мақсатында аула аралау жұмыстары күшейтіліп, анықталған науқастарға күнделікті мониторинг жүргізіліп жатқандығын жеткізді. Сонымен қатар, вирусқа қарсы дәрі-дәрмектер қоры емханада толық көлемде қамтамасыз етілуде.
Аудан әкімі екінші мәселе бойынша тиісті жұмыстар уақытында атқарылуын атап айтты. «Әсіресе вирусты жұқтырып алған науқас балаларды анықтау жұмыстары бала-бақшаларда қатаң бақылану керек. Дәрігерлердің ауырып тұрған балаларды қабылдап алуға байланысты жұмыстарын да қадағалау керек. Сау бала болып келіп, 2-3 күннен кейін ауырып қалса, балабақшаның ішінде вирус жұғып кетеді. Сондықтан, алдын алу шараларын қазірден қолға алған жөн», деді Б.Омарбеков.
«AQ-QARA-KZ» - ақпарат»