Еске сала кетейік, Абай ауылының ішкі 23 көшесіне «Ауыл – ел бесігі» бағдарламасы аясында республикалық қаржы есебінен жөндеу жұмыстары жүріп жатыр. Сонымен қатар жергілікті бюджет есебінен абаттандыру жұмыстары қоса атқарылуда. Бүгінгі таңда аталған құрылыс жұмыстарының 80 пайызға жуығы аяқталып, аудан орталығының басты 2 көше, яғни Д.Қонаев көшесі мен Т.Рысқұлов көшесінде құрылыс жұмыстары қызу жүріп жатыр. Қараша айының соңында аяқталуы жоспарланған құрылыс жұмыстарының сапасына бақылауды қолға алған аудан ақсақалдары бірқатар сын-ескертпелер айтты. Аудан әкімінің орынбасары С.Қарақұлов айтылған кемшіліктерді жою бойынша тиісті мердігер мекеме өкілі мен ауыл әкіміне тапсырмалар жүктеді. Бұл шара өз кезегінде жол сапасының артуына едәуір әсер етері хақ.
«AQ-QARA.KZ»-ақпарат.