Облыс әкімінің орынбасары Ұлан Тәжібаев жылдың қорытынды мекерекесімен құттықтап, ауыл шаруашылығы саласында жоғары нәтиже көрсеткен аудан, қала әкімдеріне және еңбек озаттарын марапаттады. Агроөнеркәсіп кешені даму бағдарламасының көрсеткіштерін жоғары деңгейде орындағаны үшін ІІІ орынмен Қазығұрт ауданы әкімі Төлеген Тұртайұлы Телғараев марапатталды. Ауданда жалпы өнім көлемі – 34,8 миллиард теңге, индексі 106,3 пайызды құрады. Салаға 2,6 миллиард инвестиция тартылды. Тамақ өнеркәсібіне 630,0 миллион теңге тартылды.
Бұл ретте Қазығұрттың астық өндіруден озат аудан атанғанын да атап өткен жөн. Ауданда астықтың егіс көлемі 43,0 мың гектарды құрап, орташа түсімі 24,5 центнерден 105,0 мың тонна өнім алды. «Озат астық өндіруші» ретінде Нұржан Сапабекұлы Аширов («Сапа - 2002» ЖШС), «Озат жүзім өндіруші» ретінде Нұрлан Аманкелдіұлы Құралов («Аманкелді» ЖШС), «Озат жеміс-көкөніс өндіруші» ретінде Бағлан Ержанұлы Ақбердиев («Көрік» ЖШС) марапатталды.
«AQ-QARA.KZ»-ақпарат.