Әрине, осындай жеңістің ар жағында диқандардың ала жаздай төккен тері мен ерен еңбегі жатыр. Бұл марапат – аудан әкімдігінен бастап, шаруашылық басшыларының, мамандарының, дала еңбеккерлерінің істі шебер ұйымдастыра білуінің, жанқиярлықпен еңбек етуінің нәтижесі. Ауданның ауыл еңбеккерлері келесі жылы да осындай нәтижеден көрінуге бүгіннен бастап білек сыбана кірісуді жоспарлап отыр.
Жалпы, Төлеби ауданында мақсары өсіру сонау тәуелсіздік алған жылдары-ақ басталғанын атап өту керек. Егер мақсары егумен айналысатын шаруашылықтарды көбейтсе, ауыл түгіл ауданды толық мақсары майымен қамтамасыз етуге мүмкіндік мол екенін шаруалар да, билік те жақсы түсінеді.
«AQ-QARA.KZ»-ақпарат.