Кентау - жердің бабы мен күн райы қолайлы аймақ. Бұл шаруалар үшін өте тиімді. Жылына 2-3 рет өнім алу үшін көкөністің жылдам пісетін тұқымын себеді. Көшет отырғызылған соң 45 күнде піседі. Озық тәсілді тәжірибе ретінде қолданған аймақтар алғашқы егіндікке қырықабатты отырғызан. Себебі, ол ерте көктемдегі суыққа төзімді келеді. «1 гектардан 30 тоннаға дейін өнім алуға әбден мүмкін. 1 гектарға 30 түп капуста егіп,30 тонна алатын болса, 3айдың ішінде дихан қомақты қаржыға ие болады.Жаз кезінде бұршақты дақылдарды ексе,күн ыстық кезде айнып та кетпейді. Сақтап, күз, қыс айларында да сатса болады» - дейді жоба жетекшісі, ғалым Бердияр Қалымбетов.
Ал,экологиялық таза өнім алу үшін ауыспалы егіс тәсілін пайдаланған жөн. Яғни, қырыққабат тұқымдасын екен соң, келесі маусымда бұршақ тұқымдас дақыл ексе жер тынығады екен. Осылай деген жоба жетекшісі жерді қопсыту, өңдеу, көкөністі отырғызу, тыңайтқыштар жөнінде озық тәжірибелерін ортаға салды. Сондай-ақ,Түркістан қаласында «Жасыл белдеу» жобасын жүзеге асыру жайы да сөз болды. Бір маусымда жерден үш рет өнім жиып алу аграрлық сала үшін де, шаруаға да тиімді. Өнім көлемі артады. Тиімді әдісті шаруалар қолға алса, өнім де артары анық. Тиісінше жауаптылар аймақта өнімдерді сақтауға арналған қоймаларды да көбейтуді жоспарлап отыр.
«AQ-QARA-KZ» - ақпарат»