Жобаның мақсаты - мемлекеттік және жергілікті бюджеттің атқарылуы мен тиімді жұмсалуы жөніндегі ақпаратқа қолжетімділіктің төмендігін, олар бойынша ұсыныстар мен арыз-шағым беру кезінде бюрократиялық кедергілердің алдын алып, бюджеттің ашықтығын қамтамасыз ету. Аталған жобаның басты ерекшелігі - ашық ақпаратты, мобильділікті және тұрақты түрде бақылау жасау мүмкіндігінің болуы. Карта нақты уақыт режимінде әлеуметтік нысандарды салу, жөндеу және күтуге бөлінген бюджет қаражаты туралы толық мәліметті көрсетеді.
Карта мердігерлер, бөлінген қаржы, құрылыстың мерзімі, кепілді міндеттемелер, құрылыстың егжей-тегжейін, асфальт төсемінің қалыңдығы туралы да ақпаратқа қол жеткізуге мүмкіндік береді. Кез келген тұрғын осы процесстерді тәулік бойы бақылап, оларды құжаттамамен тексеріп, сәйкессіздіктер туындаған жағдайда, тиісті фотолар мен бейнематериалдарды тіркей отырып, мемлекеттік органға хабарлай алады.
«AQ-QARA-KZ» - ақпарат»