Айта кетсек, биыл ауданда жүзімнің егістік көлемі 1235,6 гектарды құрап, 9662 мың тонна өнім алынса, 43,5 млн. дана жұмыртқа өндірілген, ол облыс бойынша жалпы өнімнің 30% құрап отыр. Сонымен қатар үстіміздегі жылы 58,4 гектар аумаққа жылыжайлар салынып, 101% артығымен орындалған.Осындай жеңістің арғы жағында диқандардың ала жаздай еңбегі жатыр. Бұл марапат – аудан әкімдігінен бастап, шаруашылық басшыларының, мамандарының, дала еңбеккерлерінің істі шебер ұйымдастыра білуінің, жанқиярлықпен еңбек етуінің нәтижесі. Ауданның ауыл еңбеккерлері келесі жылы да осындай нәтижеден көрінуге бүгіннен бастап білек сыбана кірісуді жоспарлап отыр.
«AQ-QARA.KZ»-ақпарат.