Вторник, 12 Ноябрь 2019 16:26

Түркістан облысы: Келес ауданында екінші өнім жиналып жатыр

Келес – ауылшаруашылығы қарқынды дамыған аймақ. Мұндағы дала жұмыстары тек жазда ғана емес, қара күзде де қызып жатады. Жер емген диқандар қазір алқаптардан екінші, тіпті, үшінші өнімдерін жинауға кіріскен. 

Өйткені алдыңғы қатарлы технологияны қолдану арқасында жергілікті шаруалар осындай мүмкіндіктерге қол жеткізген. Қазір аудан бойынша осы бағытта 91 жоба қолға алынып, жұмыстар өз нәтижесін беруде. Ауыл шаруашылығы саласында алдыңғы қатарлы технологияларды қолданған кез келген шаруа жылына екі немесе үш рет өнім алуына болады.  Оған мүмкіндіктер жетеді және бұл жөнінде облыс әкімінің нақты тапсырмасы да бар. Міне, осы талап үдесінен шығуға ұмтылғандар бүгінде оң нәтижеге жетуде. Солардың бірі Біртілек ауыл округіне қарасты «Ерболат» шаруа қожалығы.  Мұндағы шаруалар биыл осы тапсырмаға орай еккен екінші өнімдерін жинауда.

«Бір алқаптан екінші өнім алуды бастадық. Екінші рет қарбыз егіп, оны  да жинап алдық. Қырыққабатты сәуірде егіп, жазда жинап алдық. Оның 4-5 түрін ектік. Енді бағасы дұрыс болса, өнімдерді жинауға әзірміз» –дейді «Ерболат» шаруа қожалығының төрағасы Ерболат Сабыров.  

Жалпы, шаруалар үшін бұл – өте тиіміді тәсіл.  Ендігі жерде оған мейлінше жауапкершілікпен қарап, бел шеше кіріскен жөн. Біле білген жанға бұл көл-көсір пайда әрі ауыл тұрғындарына жыл он екі ай жұмыс.

Келестің жері дақылдың қандай түрін ексең де, жеміс беретін қасиетке ие. Оның үстіне ауа райы да қолайлы. Сондықтанбір алқаптан бір маусымда үш рет өнім алуғаәбден болады.  Ендігі жерде шаруалар осымүмкіндікті барынша пайдаланып, тың тәсілдерді игеруде.

«AQ-QARA.KZ»-ақпарат.

Read 527 times