Салтанатты жиын барысында салада жоғары нəтиже көрсеткен аудан-қала əкімдеріне жəне еңбек озаттарына арнайы марапаттар табыс етілді. Мәселен, Бәйдібек ауданы облыс бойынша аудандардың ішінен «Агроөнеркәсіп кешені даму бағдарламасының көрсеткіштерін орындаудан» 1-орынды иеленсе, «Ірі қара мал басын асылдандыру және ауыл шаруашылығы саласына инвестиция тартудан озат аудан» атанып, облыс әкімінің арнайы дипломдарымен марапатталды.
Жалпы, «Алтын күз» мерекесі – мал өсіріп, егін еккен диқандар мен шаруалардың еселі еңбегі еленіп, бір марқаятын шара. Мұндай басқосуда облыс еңбеккерлері өзара бетпе-бет жолығып, пікірлеседі, тәжірибе алмасады. Жақсыдан үйренеді, жаманнан жиренеді. Алдағы уақытқа жоспар құрып, жаңа межелер белгілейді.
«AQ-QARA.KZ»-ақпарат.