Ол: "Бүгінгі күні қаржы саласында жауапкершілігімен ерекшеленетін, бюджет және салық заңнамаларын жақсы білетін жоғары кәсіби қызметкерлер жұмыс істейді. Сіздердің кәсібиліктеріңіз қаланың дамуына бағытталған міндеттерді шешуге мүмкіндік береді"- деп құттықтап, қаржы саласы қызметкерлерінің ел экономикасын дамыту мен нығайтудамаңызды рөл атқаратыпжатқандығын атап өтті. Мерекелік шара барысында шаһар басшысы осы салада қажырлы еңбек етіп келе жатқан бірқатар қаржыгерлерді марапаттап, құрмет көрсетті.
Айта өтер жайт, 1997 жылдың 13 қарашасында Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың Жарлығымен 15 қараша – Ұлттық валюта күнін елдің қаржы жүйесі қызметкерлерінің кәсіби мерекесі деп жарияланған болатын. Ал ұлттық валютаның айналымға енуі ел өміріндегі аса маңызды оқиға саналады.
«AQ-QARA.KZ»-ақпарат.