Қала әкімі Дәурен Сәбитұлы Махажановтыңбастамасымен 2019 жылы ауыл шаруашылығы саласында қол жеткізген қомақты жетістіктер баршылық. Соның бірі – америкалық әдіс – жаңбырлатып суғару әдісі. Расын айту керек, дәл осы күні кентаулық еңбекқор һәм ынтымақшыл диқандардың еселі еңбектері облыс басшылығы тарапынан ескеріліп, үлкен құрметке бөленді. Облыс әкімі Өмірзақ Естайұлының ауыл шаруашылығы саласына деген қолдауының арқасында биылғы ауылшаруашылығы өнімдері өткен жылмен салыстырғанда едәуір мол өндірілді. Қаланың ауыл шаруашылығы саласындағы қызметкерлері мен диқандарды жеңісті, жемісті сәтпен құттығымыз келеді. Берекесі асқан ашық аспан астында жасаған еңбектеріңіз жана берсін!
«AQ-QARA.KZ»-ақпарат.